Мектеп басшысының жыл сайынғы баяндамасы » СШ №21
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп басшысының жыл сайынғы баяндамасы
04
апрель
2019

Мектеп басшысының жыл сайынғы баяндамасы

Құрметті әріптестер, қоғамдастық мүшелері!

Бүгін, яғни 2019 жылдың сәуірдің 3-ші жұлдызы күні Сіздердің алдарыңызда «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» ШЖМ басшыларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы аясында мектепті дамыту жоспары 2-нің іс-шарасының қорытындысымен таныстыралым жасап, қорғауға мүмкіндік алғаныма ризашылығымды білдіремін. 

Мен, Журумбаев Жорабек Турлыбекұлы қазіргі таңда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай батыр ауылындағы №21 орта мектептің директоры қызметін бес жылға жуық атқарып келемін, білімім жоғары, бітірген оқу орным 1985 жылы Қазақтың Абай атындағы ПИ, мамандығым бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндерінің мұғалімі, санатым жоғарғы, педагогикалық еңбек өтілім 33 жыл. Мектеп ғимараты типтік, 1972 жылы қызкірпіштен қаланып пайдалануға берілген, сыйымдылығы 630 оқушыға есептелінген, үш қабатты, арнайы мәжіліс және спорт залдары бар. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісі бірауысымдық, мектепалды даярлық сыныппен бірге бала саны 180 баламен қамтылған, әртүрлі ұлт өкілдерінің балдары білім алады, сабақтың оқыту тілі ресми тілде, орыс тілінде жүреді, негізгі құжаттарды жүргізу мемлекеттік тілде рәсімделеді. Қыстық маусымда мектеп ғимараты қатты көмірмен жылытылады, отқазандығы жүйесі 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Мектептің сол қанатының бөлігіне І,ІІ этажға «Арай» балабақшасы орналасқан, онда 75 бүлдіршін балаға мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы бойынша тәлім мен тәрбие беріледі, ал мектептің ескі ғимаратында қосымша білім беру орталығы жұмыс жасайды, мектептің басым оқушыларының көпшілігі сабақтан тыс, бос уақытта сонда үйірме және арнайы курс сабақтарына қатысып, шығармашылық жұмыстармен айналысады. Қазіргі таңда мектепте 1-11 сыныпта 164 оқушы және даярлық сыныпта 16 бүдіршін тәлім тәрбие алады, мектепте 29 мұғалім білімдік мамандықтарына сәйкес жұмыс жасайды.

Бірінші слайдқа сілтеме: «Сыныпты бақылаудың бірнеше тәсілі бар, бірақ педагогикалық тәжірибедегі өзгерістердің  тиімділігін бағалау үшін қадағалау нысаны оқушылар болуы тиіс» (Басшыға арналған нұсқаулық, 24-бет) деген сілтемені алу себебім, қазіргі таңда жаңа білім беру жүйесі оқушыға сыни тұрғыдан ойлануды, мәселенің шешіміне жаңаша қарауды, өз қызметін бағалауды, шығармашылық тұрғыдан үйренуді, ойлану логикасын меңгеруді, өзін-өзі жетілдіру мен іс жүзінде танытуға қабілетті болуды үйретуді мақсат етеді. Ал енді осы түйіткіл мәселені шешу оқу- тәрбие үрдісінде оқушымен тікелей байланыс, бақылау және қадағалау жұмыстарын күн талабына сай жүргізу арқылы шешімін табары сөзсіз анық, сондықтан негізгі нысан оқушы болатынын және өскелең ұрпақты уақыт талабына сай дайындау қағидасын басты назарға алып жұмыс жүргізуді басшылыққа аламын.

МДЖ-2 нің негізгі зерттеу сұрағы: «Диалог негізінде оқыту және оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бола ма?» анықталу себебі, мұғалімдер мен оқушы, ата-аналар ортасында алынған сауалнамасының қорытындысын зерделеу арқылы туындағаны баршамызға мәлім.

Мектеп қоғамдастығының оқу-тәрбие процесінде туындаған негізгі проблемаларды шешуде маңызды роль атқаратынын атап кеткім келеді. Қоғамдастық жұмысы негізінен мектептің мұғалімдері ортасында құылды. Оған деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен ӘБ-тік жетекшілірі, топ мүшелері және көрші мектептің  мұғалімдері   кіреді. 10 адамнан құралған ынталы топ мүшелері МДЖ-2де жоспарланған іс-шараларды өтуге негізделген жоспар құрып, қазіргі қолданыстағы замануй сабақтар өтіп, оның түрлері мен маңыздалығымен танысып, тәжірибе бөлісіп, түйіндеген проблемалардың шешу жолдарын қарастырып, қажетті талдаулар жасап, тәжірибе алмасып, сабақтың барысы мен мазмұндық сапасының артуына ықпал жасағанын атауға болады. SMART-қа негізделген табыс критерийлерін атап өтсек: 

-МДЖ-2 жоспарындағы  коучингке мұғалімдердің танымдық қызығушылығы мен катысу үлесінің артқандығы байқалды.

-Оқушы үні арқылы оқушылардың бойында оқуға деген сенімнің бар екендігі анықталды.

-Ата-аналар оқу-тәрбие үдерісіне белсенділікпен араласу қағидаларына жауапты екендігін түсінді.

-Курс аясында алған теориялық білім дағдылары мен практика сабақтастығы арқылы нәтижеге жетуге жауапкершілікті екендігін сезінді. 

Екінші слайд «Тәлімгерлік үдеріс», сілтеме: «Тәлімгер мұғалімге ой өрбітуге мейлінше көмектесіп, проблемаларды шешу кезінде қолдау көрсетеді, алда орындалатын жаңа іс-әрекеттерді белгілейді» (Үлестірме материал, 116- бет), бұл сілтемені алу себебім, тәлімгер мен тәлімалушы арасындағы оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оңтайлы енгізу және қолданудыың тиімді жолдарын бірлесе іздеп, нәтижеге негізделген жүйелі жұмыстарды бірлесіп шешу және жүргізу.

№1 тәлімалушы Огнева З.С. география пәнінің мұғалімі, білімі- жоғары, еңбек өтілі -25 жыл, санаты-бірінші, ІІІ-ші деңгейлік курсты бітірген. 

№2 тәлімалушы Дәурембаева Б.Т. қазақ тілі пәнінің мұғалімі, білімі- жоғары, еңбек өтілі- 21 жыл, санаты- бірінші, ІІІ- ші деңгейлік курсты бітірген. 

МДЖ-2 негізінде бірлескен жоспар арқылы жүргізілген жұмыстар нәтижесі тәлімалушыларға өз жұмыстарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізу барысында туындаған проблемалық сұрақтарды шешуге, сабақ барысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жоспарлауды, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар құрастырып, сыни ойлау технологиялары тәсілдерімен танысып, SMART бойынша мақсаттарды белгілеуді іс-тәжірибеде қолдану мен оқу мақсаттарына жету үшін АКТ мүмкіндіктерін пайдалануды үйренді, оқушылардың сабақтағы белсенділіктерін арттыру жолдарын ұғынды. Аталып отырған слайдта өзара сабақтарға қатысу туралы рефлексия жасау парақтары мен сабақ барысындағы фото деректерді ұсынып отырмын.

Үшінші слайд «Коучинг үдерісі», сілтеме: «Коучинг бұл әріптестермен қолдау көрсете отырып жұмыс жасау қабілеті, олардың жеке және кәсіби қабілеттерін дамытуына түрткі болу жолы» (Үлестірме материал ,79- бет) бұл сілтемені алу себебім, коуч және коучинг арқылы түйіндеген сұрақтарды бірлісіп шешу жолдарын қарастырудың тиімді жолы екені туралы әріптестердің ортасында дағды қалыптастыруды басты мақсатқа алдым. Негізі мұғалімдерге коучингтер өткізу нысаны қызықты болды десем қателеспеймін, өйткені біріншіден олар ынтымақтастық рухында жұмыс істеді, әріптестерінің пікіріне құлақ асты, тәжірибе алмасып, мұғалімнің кәсіптік өсуіне ықпал етіп кәсіптік дамуларына әсер етіп, жаңа әдіс технологияларды меңгеруге ықпал жасағаны байқалды, МДЖ-2 бойынша төрт тақырыптық коучинг  іс-шарасы жоспарланып өтілді, мұғалімдердің 90% түгел, белсенділікпен қатысып проблемалық жағдайлардың шешу жолдарына пікір бөлісіп, тұжырымдар жасады. Оған дәлел ретінде фотосуреттер мен бейне роликтер, коучинг барысындағы постерлер мен смайликтерді дәлел ретінде ұсынып отырмын.

Төртінші слайд «Lesson Study үдерісі», сілтеме: «Мұғалім Lesson Study циклы барысында кері байланыс алып, өзінің оқыту дағдыларын дамытады» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет) бұл сілтемені алу себебім, Lesson Study үдерісі негізінде мұғалімдер ортасында ұғым пайда болды, бірлесіп жоспар құру, оны өңдеу, бір-біріне керібайланыс аясында тәжірибе алмасып, ортақ түйінделген мәселенің мақсаты мен міндеттерін шешу жолдарын бірге қарастырып, сабақтың мазмұны мен барысын жақсартуға, әр деңгейдегі оқушыларды сабақ барысында бақылауға алып жұмыс жүргізуге мүмкіндік алып жұмыс жүргізудің тәсілдерін кеңінен пайдалана алды.

«Lesson Study» үдерісі МДЖ-2 бойынша ІІ,ІІІ-ші циклдар жоспарымен ұйымдастырылып өтілді, таңдалған пәндер: қазақ тілі, орыс тілі және география пәндері , бақылауға алдындағы І-ші циклдағы 7 сыныптың оқушылары зерделеніп, жалғасын тапты. Lesson Study үдерісінің зерттеу сұрағы: «Диалогтық оқу мен оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудағы «Lesson Study» үдерісінің тиімді қолданудың маңыздылығы» бойынша топ мүшелері ортақ проблемалық сұрақпен сыныпты зерттеу сабақтарын өтіп, бақылау, талдау, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп, бұл жерде мұғалімдердің бірлескен түсінігі қалыптасқаны байқалды және бұл үдеріс оқушылардың білім деңгейінің артуына да септігін тигізерін де байқауға болады. Беріліп отырған слайдтан сабақ барысын дәйектейтін фотолар, МДЖ-2 бойынша зерттеу сабағын өткізу кестесі және «Lesson Study» зерттеу сабағының жоспары мен бақылау парақтары сканерібейне жазба деректерінің жинақтары қоса беріліп отыр. Алдағы уақытта «Lesson Study» үдерісі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жалғасын табады және нәтижеге бағытталған жұмыстар көрсетеді деген сенім білдіремін.

Бесінші слайд «НЗМ- ның тәрбие жобалары мектепте», аталып отырған жобамен мектептің тәрбие жоспарына арнайы бағыттар айқындалып, мұғалім, оқушы мен ата-ана ортасында өткізілінетін байқаулар мен сайыстар, оқу дәрістері, тақырыптық кештер т.б. іс-шаралар жоспарланды. Атап айтқанда мысалы: «Туған жерім, түған өлкем» бағыты бойынша оқушылар ауылымыздың көрікті жерлеріне саяхат жасап, фотосуреттер жинастырып, бейнелеу өнерімен сурет көрмесін ұйымдастырып, саяхат клубтары арқылы тарихи маңызы бар орындар мен ғимараттарға, өзіміздің сұлу көрікті табиғат көріністеріне мәлімет жинастырып, өз туған жерінің табиғатын сүюге, оған құрмет көрсетіп қорғап аялауға баулуға шақырады. «25 кітап, 25 ән» бағыты арқылы оқушылардың оқу дағдысын дамыту, өз ойларын жетік еркін жеткізе білуге дағдыландыру, кітапқа деген қызушылықтарын ояту және Қазақстан мен әлем әдебиетінің көркем классикалық шығармаларын насихаттап білуге машықтырады, бұл бағытта Кенен Әзірбаевтың шығармасы мен әндерін зерттеуде тақырыптық тәрбие сағаттары мен кештер, ақынның әндері мен жырларын мәнерлеп оқудан байқаулар өтіп, мәліметтер берілді. Сабақ ортасында үлкен үзілістерде оқушылармен «Көңілді үзілістер» бағытында сергіту жаттығулары мен тақырыптық флешмобтар өткізу дәстүрге айналды, олда оқушыларға танымдық ой-қабілеттерінің артуы мен өсуіне үлес қосып отыр. «Мектеп және отбасы» бағытында ата-аналармен байланыс жұмыстарын арттыруға негізделген, мұндада ата-аналар оқу-тәрбие үдерісіндегі процестерге белсенді қатысып, жаупкершіліктерінің артқаны байқалады. Жалпы слайдта НЗМ- ның тәрбие жобалары мектепте қалай жүріп жатқандығын фотосуреттер, бейнежазбалар мен сканер деректері баяндап отыр, бұл жоба алдағы уақытта мектептің тәрбие жұмысында қайнар көз болады деген сенімдемін.

Алтыншы слайд «Брукфилдтың 4 линзасы арқылы 6 айлық тәжірибені қорытындылау», сілтеме: Оқыту сапасының тұрақты болуына қол жеткізу қазіргі кезде көптеген елдердің білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр.(Басшыға арналған нұсқаулық, 30 -бет) бұл сілтемені алу себебім, білім беру жүйесі де қазіргі заманғы жағдайда көптеген өзгерістерді бастан кешіріп отыр, білім берудің ортақ мақсаты- жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру, ал бұл мақсатты орындау мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру мәселесіне басты көңіл бөлу деген сөз, мектепте оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру педагогтардың әзірлік деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру әрекеттерінсіз біліктілікті арттыру нәтиже бермейтіні анық. Мен өзім «Көшбасшылық және  шағын жинақталған мектепті басқару» атты біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы аясында алған теориялық білім дағдыларды өзімнің мектептің тәжірибесінде іс жүзіне асыру барысындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын болсам, біріншіден аудиторлық кезеңдердегі алған теориялық білім негіздерін атап кеткім келеді, онда бізге дәріс оқыған, өзінің іс-тәжірибесімен теория мен практиканы ұтымды, дәйекті түрде байланыстырып жеткізе білетін тренеріміз Галия Нурманқызына шексіз алғысымды айтқым келеді, әрбір оқыған тақырыптық дәрісі мен әдістемесі, практикалық топтық жұмыстары тартымды белсенділікпен өтіп, соңы нәтижемен дәлелденгені көп әсер қалдырды. Сондай-ақ өзімнің әріптес курс тыңдаушыларымыздың әр түрлі тақырыптарға жасаған іс-тәжірибелерінің барысы, курс бағдарламасының теориясын игеруге көп көмегін тигізді деп ойлаймын. Мектептегі тәжірибе мұғалімдерге де жұмысқа деген көзқарастарының азда болса, оңды серпін бергені куантып отыр. Брукфилдтың 4 линзасы арқылы 6 айлық тәжірибені қорытындылауды төмендегі көрсеткішпен көрсетіп отырмын:

  • Аудиторлық кезеңнің маңыздылығы, теория мен практиканың сабақтастығы;
  • Курстас әріптестермен түйінделген мәселелер бойынша ой-бөлісіп, пікір алысу;
  • Преподаватели өздерінің тәжірибесіне өзгерістер енгізіп, оқытудың жаңа тәсілдерін жоспарлауға және ұтымды пайдалану жолдарын үйреніп, түсінуге мүмкіндік алды;
  • Әрине бәрі ойдағыдай шықты деуге ерте, МДЖ-2 кейбір тұстарының ойдан шықпауы бәрімізді ойландырады, оған уақыт керек, алдағы уақытта оқу-тәрбие процесінің күн талабына сай жұмыстар жүргіземіз деген сенімнің бар екенін айтқым келеді.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Похожие публикации: