Питаниеды ұйымдастыру » СШ №21
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Питаниеды ұйымдастыру
24
февраль
2020

Питаниеды ұйымдастыру

Қаңтар айында директор жанындағы кеңесте қаралған мектептегі тегін ыстық тамақ жайы
Мерзімі: қаңтар айы

Мақсаты: мектептегі оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуындағы өзгерістерді атап айту, күнделікті оқушылардың асханада тамақтануын қадағалау, мектеп асханасын зерделеу, 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрықты түсіндіру.
№21 орта мектеп – қантар айынан бастап 40 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. . .
2020 жылдың 09 қаңтардан бастап, асханадағы тамақтанудың ас мәзірі өзгертілді. Қазіргі уақытта ас мәзіріне бірінші тағам мен екінші тағам қосылған, дәруменге байытылған, маусымдық болып бөлінген. Бұл қуантарлық жағдай. Сынып жетекшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар жаңа ас мәзірімен таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылып, орнына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы енгізілді. Бұйрықтағы өзгерістерді мектептегі асхана меңгерушісімен, мектеп медбикесімен, аспазшымен, мектептің әлеуметтік педагогымен талқыланып, таныстырылды.
2020-2021 оқу жылының басында арнайы құрылған «Бракераждық комиссия мүшелері» жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет асхананы тексеріп, оқушылардың дұрыс тамақтануын, тағам сапасы, ыдыстардың қолданылуы, өнімдердің сақталуы сияқты жұмыстарды қадағалап зерделейді. Тексеру барысында, асхананың жұмыс істеу сапасы бойынша осы уақытқа дейін қанағаттанарлық баға берілді. Сонымен қатар мониторинг комиссиясының жұмысы да шетте қалмады. 2020 жылдың қаңтар, ақпан айларында асханадағы тағам сапасы, ыдыстардың қолдануы, өнімдердің сақталуына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер анықталған жоқ. Асхананың санитарлық тазалығы талапқа сай.

Шешімі: күнделікті оқушылардың асханада тамақтануын қадағалап, 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрықты ескеріп жұмыс атқару. Бракераждық, мониторинг комиссиясының жұмысын жалғастыру. Асханадағы тегін тамақтанатын оқушыларға сапалы тамақ берілуде, асхананың санитарлық тазалықтары талапқа сай.




Орындаған:әлеуметтік педагог ГА Тактарбаева